Диас Сагитов – «Жастар салауатты өмір салты үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

«Жастар салауатты өмір салты үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша комиссия мүшесі, адам саудасы бойынша комиссия мүшесі, «Жас Отан» партиясының мүшесі, Назарбаевтың өзі қатысқан бірнеше форумдардың қатысушысы, Павлодар облысындағы «Шанхай бірлестігінің ұйымының» делегаты. Бірнеше облыстық іс-шаралардың ұйымдастырушысы, қала мен облыс өміріне белсене араласушы.

Диас Мұратұлы 1994 жылдың 25-шілдесінде Павлодар қаласында дүниеге келген. № 39 мектепте білім алған, 2012-2015 жылдары арлағында Павлодар көлік және коммуникация колледжінде білім алған, ал 2015-2016 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алып, Павлодар мемлекеттік университетіне ауысты. Диасты еліміздің барлық саяси оқиғалары қызықтырады, ол ел өміріне белсенді түрде араласып, дамуына өлшеусіз үлес қосқысы келеді.