Ділбар Сапарымбетова – мектеп директоры, білікті ұстаз

Ділбар Шатайқызы өз ісінің нағыз маманы. Ол 28 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылындағы жергілікті М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып жатыр.  Әрбір ісін өте мұқияттылықпен аяқтап, көпшілікпен жақсы қарым-қатынас жасай білетін басшы. Жастар білімді де, білікті де, инабатты, жаңашыл жеке тұлға болуы үшін тер төгіп жүр.

Ділбар Шатайқызы 1968 жылдың 15-ақпанында ОҚО, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтын бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы мамандығы бойынша бітірген.

Педагогика саласындағы нәтижелі де елеулі еңбегі үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімінің, Маслихаттың, облыстық білім басқармасының марапаттауларына ие болған. Атап айтар болсақ, «Ы. Алтынсарин меделінің» иегері, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», аудандық Мәслихаттың Грамотасымен марапатталған. Ал 2014 жылы білім беру саласында жас жеткіншектердің  тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының ОҚО «Qurmet – AB» қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Ділбар Сапарымбетованың басқаруымен «М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» 2012 жылдың қортындысы бойынша аудан көлемінде «Жылдың үздік мектебі» аталымын жеңіп алған. Сондай-ақ, Ділбар Шатайқызы жыл сайын тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға дқаржылай демеушілік жасап келеді.