Дмитрий Коблов – спортшы

Бала кезінен спортқа жаны жақын Дмитрий өзінің қатарластарымен жүгіруден жарысқанда алдына қара салдырмайтын. Оның жылдамдығына тамсанған ата-анасы бірден баланы жүгіру үйірмесіне береді. Содан бері Дмитрий Сергеевич кәсіби атлет ретінде бірнеше турнирлерге қатысып, халықаралық сайыстарда ел намысын қорғап жүр.

Ол 1992 жылдың 30-қарашасында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 400 м кедергілер арқылы жүгіру бойынша жеңіл атлетикадан Халықаралық деңгейде Спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық бірнеше жарыстардың жеңімпазы. Кедергілер арқылы жүгіруден  үстіміздегі жылы өткен Азия Чемпионатының, 2016 жылы болған Олимпиада ойындардың қатысушысы.

Дмитрий Коблов барлық спортшылар секілді Олимпиада шыңын бағындырып, көк туымызды көктен желбіретуді армандайды.