Дмитрий Скубаков-кәсіпкер

Дмитрий Скубаков 1978 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде ол Қашыр ауданында дүкендер мен сауда орындарын құрды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы ең аз сауда маркасымен өзінің дүкенінде сатылады. Дмитрий тұрақтандыру қорының өнімдерін жеткізу және сату бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар, интернат тәрбиеленушілері, Қашыр балалар үйі мен зейнеткерлерге үнемі көңіл бөліп, материалдық көмек көрсетеді. Жыл сайын кәсіпкер мерекелік, спорттық іс-шараларға және зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерге қаражат бөледі. Сонымен қатар, Д.Скубаков Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жанармайды сатып алуға көмектеседі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі бола отырып, барлық қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене қатысады.