Дулат Тұрантегі – ақын, әдебиет пен тарих зерттеушісі

Қазақ әдебиеті мен тарихының зерттелуіне елеулі үлес қосып келе жатқан Дулат Тұрантегінің бірнеше үлкен маңызға ие кітаптары жарық көрді. Ол сондай-ақ, бірнеш қазақ батырларына, хандарына ескерткіш қойылса деген бастама көтеріп, тарихты құрметтеуге шақырып жүр.

Дулат Тұрантегі Созақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы «Құрмет грамотасының», Елбасының «Алғыс хатының» иегері, «Үздік еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медлінің иегері, «Облысқа еңбегі сіңген үшін» секілді марапаттардың иегері..

Дулат Тұрантегінің «Көкейтесті» (1994 ж), «Шоғырдағы жарық жұлдыз» (1995ж), «Баба Түкті Шашты Әзіз» (1996ж) және т.б кітаптары бар. С.Қожанов атындағы музейдің зейнеткері.