Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы – М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттік ректоры. Ол  «Жас Отан» ЖҚ университеттегі көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президентінің  алғыс хат иегері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің  «Ең үздік студент» аталымының жеңімпазы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ректорының алғыс хат иегері,  Ақтау қаласы «Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы» атты слетінің делегаты,  Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III Съезінің делегаты, Астана қаласы ЕҰУ-де «Елбасымен бірге жастардың жүз қадамы» атты форумының қатысушысы, Астана қаласында өткен «Әлемді өзгерткен идеялар» семинар-тренингке қатысып «Елбасының бес институтционалдық реформасы» тақырыбы бойынша оқу курсын өткерді.

 Қазақстан Халқы Ассамблеясы "Бірлік-Единства.kz"xалықарарлық жастар форумында белсене қатысқаны үшін сертификат, 2014-2015 ж.ж – «EXРO - 2017» СҚЖ командирі, «Ең үздік командир» аталымының төс белгі иегері.