Эдуард Иванович 1937 жылы 27 қарашада Читин облысы, Цугил ауылында дүниеге келген. Білімі бойынша инженер-құрылысшы.

Құрылыс саласында мансабы бойынша «Чимкентстрой» тресіне қарасты «Спецстрой» құрылыс басқармасының қатардағы шеберінен (мастер) ірі құрылыс «Қызылордастрой» тресінің басқарушысына дейінгі жоғарылаудың барлық кезеңдерінен өткен.

Инженерлік-техникалық үздік дайындығы және участкедегі тапсырылған жұмыстарды ұйымдастыра білгені үшін, 1980 жылы партиялық жұмысқа тартылды. Облыстық партия комитетінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі, сонан соң Е.Н.Ауелбековтың жеке ұсынысымен Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.

Совет одағы құлдырағаннан кейін 1991 жылдың шілде айында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Комитетінің бірінші төрағасы болып тағайындалды. Жұмыс  уақытында өзін білгір, білікті және бірбеткей басшы ретінде көрсете білді. Мемлекеттік мүлікті қайта құру саласындағы жұмыс кезеңінде облыстық жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бағдарламаларын құру және іске асыруға белсенді  қатысты. Жекешелендірудің негізгі принципі- орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуді енгізуді тиімді қамтамасыз етті.

Э.И.Туровскийдің басшылығымен облыста бәсекелестік ортаны құру бойынша тапсырмаларды іске асыру, кіші және орта бизнесті дамыту, жеке меншік секторларын қалыптастыру, жаппай жекешелендірудің бағдарламалары іске асырылды. Жемісті жұмысының арқасында бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталды, әрқашан жастарды тәрбиелеп, өзінің өмірлік тәжірибесін жастарға беріп отырды.