Ефим Машинец-«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Ефим Машинец Павлодар облысында тумасы. ЖОО оқу барысында «Студенттік ғылыми қоғам» атты ұйымның мүшесі болуымен қатар, «ИнЕУ» түлектер ассоциациясының төрағасы болды. Сегіз қырлы бір сырлығының арқасында Ефим бірнеше қоғамдық ұйымдардың мүшесі бола алды. Мәселен: «American Chemical Society» халықаралық химиялық бірлестігінің, «Ресей биоотын қауымдастығының», «Ресей биотехнологтары қоғамының», «Биотехнология саласындағы қоғамдық сараптау желісінің», «Қазақстандық биотехнология қоғамы» қазақстандық ғылыми қоғамының, Ресейдің ғылыми-практикалық конференцияларының, семинарларының мүшесі болды.

Сонымен қатар, бірнеше ғылыми мақалалары мен Қазақстан Республикасының екі патентінің авторы. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында белсенді жұмыс атқарған үшін, Сағадат Нұрмағамбетов пен  Талғат Бигелдинов атындағы мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Қазіргі таңда Е.Машинец «Рубиком» ЖШС ішкі бақылау жөніндегі директордың орынбасарлық жұмысымен қатар, «Greenmea» фирмасының директоры.