Эльмира Әлжанова – тарих ғылымдарының кандидаты

Эльмира Есіркепқызы 100-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған (2 монография, 5 – оқу және оқу-әдістемелік құрал). Мақалалары Ресей Федерациясы, Франция, Индия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ғылыми журналдарында (оның ішінде импак-факторлы журналда 1, Scopus базасында 3мақала) жарық көрді. Ғылыми педагогикалық жұмыс өтілі – 22 жыл.

1991-1995 жылдары Қ.А. Ясaуи aтындaғы  Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік унивeрcитeтінде білім алып, «тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы» мамандығын үздік бітірген. Университетіміздің алғашқы түлегі.1995 жылдан бастап Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.2004 жылы «Вопросы истории товарного производства в условиях углубления социальной дифференциации казахского аула в 1867-1914 гг. (на материалах казахских уездов Сырдарьинской области)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, ҚР БҒМ Білім және Ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2004 жылы 18 наурыздағы шешімімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2006-2008 жылдары «Тарих және философия» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2008 жылы ҚР БҒМ Білім жіне Ғылым саласындағы бақылау комитетінің 21 қантардағы (№1 хаттама) шешімімен тарих мамандығы бойынша «доцент» ғылыми атағы берілді.

2013 жылы «Сырттай және қашықтықтан оқыту» орталығы директоры қызметін атқарды.ҚР Білім және Ғылым министірлігі Ғылым комитетінің 2015 – 2017 жж. тағайындаған «Орталық Азия түркілерінің XIX ғ. жазба дереккөздеріндегі мәдени мұрасының виртуалды кітапханасы» тақырыбы бойынша ғылыми жоба жетекшісі болды.2015 жылдың 15-24 маусым аралығында ҚР ЖОО педагогика мамандықтарының біліктілігін арттыру (ӨРЛЕУ) бағдарламасы бойынша Ньюкастл университетіне (Ұлыбритания) тәжірибе алмасудан өтті.