Эльмира Дүйсенбаева – Боровск орта мектебі директорының орынбасары

Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Бала Би ауылында дүниеге келген Эльмира Дүйсенбаева Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003-2011 жылдар аралығында осы пәннен Фурманов орта мектебінде оқушыларға дәріс берген. Ал, 2011 жылы Меңдіқара ауданы әкімшілігі білім беру бөлімінің Боровск орта мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысады. 2016 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары санатқа ие болды.

Сондай-ақ, ол – облыстық «Қостанай таңы» және аудандық «Меңдіқара үні» газеттерінің штаттан тыс тілшісі. Білім саласында бірнеше облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған. Ұстаздық қызметінде ұлағаттылық танытып, жастардың білімді әрі тәрбиелі болып өсуі жолында аянбай еңбек еткені үшін облыстық білім басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болған.