Елена Давидович білікті педагог, психолог. «Мектеп екінші үйің» демекші, білім ордасынан баланың адам болып қалыптасуына септігін тигізетін-мектеп. Олай болса, болашақ жастардың, бойларына білімді толықтырып жүрген азаматтарымыздың бірі-Елена.

Елена Давидович Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы №1 «Благовещенск орта мектебінде» педагог және психолог ретінде  10 жылдан астам жұмыс істейді. Жұмыс барысында аталған мектепте өзінің жан-жақты қырынан көрсете білді. Мектеп кезінде бірнеше оқушыларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетті. Ата-аналар жиналысынтарына белсенді қатысып, өз біліктілігімен жиын барысында бөліседі. Сонымен қатар, мектептегі әріптестеріне қолынан келер көмегін аямайды. Психологиядан тәрбие жұмысының арқасында мектеп оқушылары жыл сайын өтетін психология бойынша облыстық олимпиадада жүлделі орындарға ие болып отыр. Психологиядағы ғылыми жобалардың республикалық және облыстық жарыстарында 1-2 дәрежелі дипломдарын алған мектеп оқушылары, болашақта педагог-психолог атты маман иесі боламыз деген ниеттерін білдіруде.

Әрдайым өзінің біліктілігін арттыру мақсатында Елена, шет елдік ғалымдардың пікірлері мен жазған еңбектерін үздіксіз зерттейді. Сондай-ақ өз жұмысында заманауи техникалық құралдарды пайдаланып, терапия, арт-терапияны, фототерапияны,  метафоралық карталарды, белсенді түрде пайдаланады. Жыл сайын өтетін психологтар арасындағы аудандық, облыстық және республикалық бәсекелерге қатысады. Өз саласымен ғана шектеліп қоймай, қоғамдық істерге де белсенді түрде атсалысады.