Елена Синица - режиссер

Елена Синица 1961 жылы  13 маусым күні  Пермь (Ресей) қаласында туылған. Ұлты орыс. Пермь мәдениет институтында сырттай оқыды. Пермь қаласының Гагарин атындағы мәдениет сарайында  көпшілікке арналған мерекелер ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі жұмыстарын атқарды. 1984 жылы «мәдени-ағарту қызметкері, клуб жұмысының ұйымдастырушысы-әдіскері»-мамандығын алып, институтты үздік бітіріп шықты.

1983 жылдың 28 қазанынан бастап Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне жұмысқа қабылданып, өзінің ұйымдастырушылық қабілетін және шығармашылық қиялын көрсете біліп, клуб жұмыстарының маманы болып еңбек жолын бастады, көп ұзамай ол саяси-көпшілік бөлімді басқарды. Ол көркемдік-көпшілік бөлімді басқара отырып, әуесқой шығармашылық ұжымдардың қызметін жолға қойып,  көркемдік жетекші қызметін абыроймен атқарды.

Елена  Анатольевна  өзінің ұйымдастырушылық қабілетін ашып қана қойған жоқ, көпшілікке арналған көріністерді қоюдың режиссері ретінде жаңа қырынан танылды. Ол көпшілікке арналған көптеген мәдени-көпшілік және саяси шаралардың қоюшы-режиссеры болды, оның ішінде: 1998 жылы  Астана қаласындағы Маңғыстау облысының мәдениет күндерінде, күнтізбелік мереке күндеріндегі театрландырған концерттер мен мерекелік шараларда, жаңа жалдық қойылымдарда, Қазақстан мұнайына - 100 жыл толуына арналған театралды спорттық мерекелерде өзінің талантты режиссер екендігін көрсете білді.

1997 жылдың маусым айында Абай атындағы мәдениет сарайы Абай атындағы мәдени-бос уақыт кешені болып қайта құралды. Осы жылдан бастап  Е.А.Синица бас директордың орынбасары лауазымын 2003 жылдың  қараша айына дейін атқарды, оған қоса оған шығармашылық ұжымдардың және клуб қызметерлерінің қызметін енгізетін  көркемдік –көпшілік бөлім қызметі жүктелді. Оның шығармашылық икемділігі, ұйымдастырушылық қабілеті, адамдарды басқара білу, сөйлесе білу, достық қарым-қатынасы, ынтымақтастығы  ерекше ашыла түсті.Осылардың барлығы оның бойында әрбір құзіретіндегі адам өзін үлкен бір бірігіп топтасқан ұжымның бөлшегі ретінде сезініп, басшының қандай да болмасын тапсырмасын үлкен ынтамен орындайтын күйге жеткізетін басшылық стилін қалыптастырды.  Қызметкерлері үлкен құрметпен қарайтын Елена  Анатольевна сұлулыққа жаны жақын, сән үлгілерін жас  қастерлеушілер қатысатын, қаламызда атағы көпшілікке кең тараған «Колибри» театр-студиясы құрып, оған басшылық етті.   «Колибри» сән театры бірнеше дүркін халықаралық сұлулық байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Табысты шығармашылық жұмысы үшін, көптеген құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды. 2011 жылы ұжым «үлгілі» атағын алды.

2000 жыл ҚР «Мәдениет қайраткері» медалімен марапатталды. 2008 жылғы сертификат беріліп «Әлемнің үздік балалар моделі» халықаралық байқаулардың қазылар алқасы құрамына қабылданып, 2013 жылы «халықаралық қазылар алқасының өкілі» дәрежесіне лайықты екені дәлелденді. Жемісті шығармашылық қызметі, мәдени-көпшілік қызметке белсенді қатысқаны үшін көптеген Алғыс хаттармен марапатталған, сондай-ақ «Маңғыстау облысына-40 жыл» , «Ақтау қаласына-50 жыл» мерекелік медальдарын иеленді.

2016 жыл 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай облыс әкімінің атынан еткен еңбегі үшін алғыс хат

2016жыл Қазақстан Республикасының атынан  халықаралық  «Festival Model  and Talent world» сән және дарын байқауының лицензиясының иегері.

2016жыл Қазақстан Республикасының атынан  халықаралық «Little miss world». сән және дарындылардың  байқауының лицензиясының иегері.