Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы - экономика ғылымдарының докторы. 80 астам ғылыми мақала мен еңбектің, оның ішінде "Адами даму концепсиясының негізіндегі аймақтың  еңбек әлеуетін стратегиялық жоспарлау" басылымының, "Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару оқулығының авторы. 1990 -1992 жж.-ҚР білім министрінің орынбасары.1995 жылы Ақтөбе облысы әкімінің  орынбасары. 1996 жылы Ақтөбе қаласының әкімі. 2002 жылдан-ҚР Парламенті Сенатының депутаты.2004-2011 жж. Ақтөбе облысының әкімі.2012 жылдан бастап Ақтөбе облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі. Марапаттары:  "Құрмет", ІІ-дәрежелі "Барыс" ордендері;  ІІ-дәрежелі әулие Сергей Радонежский орденімен;медальдармен, оның ішінде "Ерен еңбегі үшін" (РФ); "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының "Ана тілі" құрмет белгілер. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жыл әкімі (2006,2009). Қазақстан Құрметті жол салушысы. 1985-2005 жылдары Ақтөбе облысы Бокс  федерациясының Президенті болды.