Елмұра Жаңабергенова 1970 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. 1994 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Қазір ҚР «Ұлан» гвардиясының Президенттік оркестрінде әнші.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы.

"Біз дәстүрлі өнерді насихаттап, ата-бабадан қалған өсиетті, өнегелі сөздерді тірілтіп, елге жеткізіп жүрміз. Егер халық қолдамаса, бағаламаса бізге қиын. Дегенмен менің концертіме келгендер саны жағынан аз болса да, осы өнерді қатты дәріптейтін шынайы тыңдаушылар екен деп риза болып қалдым" - дейді әнші.