Ербек Бәкиев – жас ақын

Ербек Мейрамбайұлы Облыстық мүгедектерге арналған «Шалқар шабыт» қоғамдық бірлестігін құрып, төрайымның орынбасары болып жұмыс атқарып жүр.

2010-2012 жылдары зағиптар арасында өткен «Жанарым-менің жүрегім!» атты облыстық фестивальда 2010 жылы І-ші орынды жеңіп алды.  Республикалық «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» байқауында ІІ-ші орынға ие болды. 2013 жылы облыстық «Шырайлы Шұбайқызылым» атты жас жазба ақындардың жыр мүшәйрасына қатысып, Т.Айбергенов артындағы арнайы жүлденің иегері атанды.

2013 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 22 жылдығы мен Мақтарал ауданының 85 жылдығы аясында Алпамыс батырға арналған ақындардың аудандық мүшәйрасында ІІ орынды иеленді. 2014 жылы «Жас жаным құштар ақ таңға» атты кітабы жарық көрді.

2016 жылы «Өмірге ғашық жүректер» атты зағип жандарға арналған кітабы шықты. 2017 жылдың қантар айынан жергілікті Отырар телеарнасымен «келісім-шарт» жасалынып, бірлесе «Жаңа күн» сазды ақпараттық бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі жандармен тікелей эфир арқылы аптаның әр дүйсенбісінде сұқбат өткізіп келеді. 2016 жылы облыстық мәдениет басқармасы атынан Алғыс хат алды. 2016 жылы ҚР 25 жылдық мерейтойына орай кітап оқуға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Сүйікті кітаппен селфи» байқауына ат салысқаны үшін, облыстық «Отырар ғылыми әмбебап» кітапханасы атынан марапатталды.