Қалиасқаров Ербол Балтабайұлы - жас мұғалім

1988 жылы 30 желтоқсан күні дүние есігін ашқан Ербол, қазірде Астанадағы ең беделді мектептердің бірінде жұмыс істейді. Алғаш мектеп табалдырығын 1996 жылы аттаған Ербол Балтабайұлы 11 сыныпты "Алтын белгімен" тәмамдады. 2007 жылы еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі "Туризм" мамандығына түсті. 2011 жылы оқуды бітіре салысымен отбасын құрды.  Керегесін кеңейтіп, шаңырағын биік ұстаған Ербол, 2011 жылы Павлодар қаласында туристік саланың жас маманы ретінде ішкі туристік тартымдылыққа үлес қоса бастады. Сондай - ақ, өңірдің  Баянауыл, Мойылды демалыс аймақтарында ұйымдастырушылық қызмет атқарған жалынды  жас демалушы меймандардың демалысы қолайлы өтуіне  бар күшін салды. Ал 2012 жылы С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекетттік университетіне география мамандығы бойынша магистратураға түсті. Магистратура барысында, Ербол бірнеше шет мемлекеттерді аралап келді. Солардың бірі -  Куала-Лумпурде өткен іс-тәжірибе барысында "Халықаралық кәсіпкер" курсын оқып, сертификатқа ие болды. Магистратураны үздік дипломмен аяқтаған Ербол дәл сол жылы Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне педагог-ұйымдастырушы қызметіне орналасты. Араға бір жыл салып, Сарыарқаның төрінде орналасқан Астанаға Назарбаев зияткерлік мектебіне мұғалімдік қызметке ауысып келді.

Қазір де досқа адал, дұшпанға қатал көзбен қарайтын Ербол, болашақ ұрпаққа үлгі болатын азаматтардың біріне айналды.