Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбай 1955 жылы 2 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ педогогика институтының көркем-графикалық факультетін тәмамдады. Кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1990). Қырғызстанның және Ресей (2001) көркемсурет академиясының толық мүшесі. Қазақстан Комсомолы сыйлығының лауреаты (1987), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004). Маңғыстау күнделігі" (1978), "Суретшінің жастық шағы" (1980), "Санагүл", "Жазғы жайлаудан оралуы (екеуі де 1981), 1941 жылдың хабары", "Түрксіб" (екеуі де 1982), "Жазушы Ш.Айтматов" (1983), "Сүгір" (1986), "Дүйсен және Мария", "Жібек жолы", "Екеуі" (1990) т.б. кескіндемелік еңбектері өткен өмір мен бүгінгі күннің рухани өзара байланысын ғажайып ұлттық дүниетаным тұрғысынан танытады. 1974 жылдан республика бұрынғы одақтық және халықаралық көрмелерге, соның қатарында АҚШ, Бельгия, Германия, Италия, Қытай, Үндістан, Франция т.б. елдерде ұйымдастырылған көрмелерге өз картиналарымен ұдайы қатысып келеді. Кескіндемешінің туындылары Қазақстан Мемлекет өнер мұражайында және Ресей мұражайларында, ТМД, Азия, Америка мен Еуропадағы жеке меншік коллекциялар қорында сақтаулы.

Жеке кескіндеме көрмесі,Өнер залы, Вена, Австрия, ақпан 2012

«Сәйкессіздік» жеке кескіндеме көрмесі, Менахем Бегин музейі, Иерусалим, 2010

Жеке кескіндеме көрмесі, “Has Sanat” галереясы , Астана, 2010

Көрме, ҚР Президентік мәдениет орталығы, Астана, 2010

Болгария Ұлттық музейі, 2008

ЮНЕСКО, Париж, 2005

«Сальвадор Дали және Ерболат Төлепбай» Париж 2004

Жеке көрме, Мемлекеттік Третьяков галереясы. Мәскеу, 1999

Жеке көрме. Г. Айтиев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі, Бішкек,1998

Жеке көрме. ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Алматы, 1995