Ерболат Төрежанов – «НЫШ-ЕР» ЖШС-ның директоры

Ерболат Нышанбайұлы он жылдан бері, көптеген игі істердің басы-қасында жүрген азамат. Ол өз қалтасынан үш бірдей білім беру кешенін салдырған.

Ол 1968 жылдың 20-қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түрістан қаласы. Еңбек жолын жеке кәсіптен бастаған. 2008 жылға дейін Түркістан қаласында құрылыс объектілерін салумен айналысатын «Сапа» ЖШС-нің директоры орынбасары болып қызмет жасаған. 2008 жылдан бері  өзінің жеке кәсіпкерлігі «НЫШ-ЕР» ЖШС ашып жұмыс істеп келеді.  Әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуде көптеген нысандар тұрғызған. Бүгінге дейін 3 ауыл округін және қалада бала бақша тұрғызған. 3 білім беру, 1 көпқабатты 60 пәтерлік тұрғын үй нысанын тұрғызған. 2011 жылы "ҚР-ның 20 жылдығы" медалімен, 2014 жылы "Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін" және осы жылы "ҚР-сы Президентінің атынан "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталады. 2006 жылы Облыс әкімінің, қала әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталған.