Ергали Солтыбекұлы – медицина ғылымдарының докторы

Торакалдық бөлімнің меңгерушісі, біліктілік санаты жоғары дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, онкохирург-дәрігердің жоғары біліктілік санатты сертификатының ICH-GCP (Good clinical practice) иегері. 

Теориялық дайындығы жақсы, тәжірибе мен ғылыми еңбекті тұрақты түрде ұштастыру арқылы емдеу жұмысына жаңа тәсілдерді енгізу және сырқаттарды емдеу жолындағы көрсеткіштері де өте жоғары. Кеуде, іш қуысы және бас, мойын ағзаларына жасалатын оталардың барлық түрлерін меңгерген. Торакалдық бөлім қызметкерлерінің теориялық білімін көтеруге және бөлімнің қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарына көп көңіл бөледі. Дәрігер ретінде өз білімін тұрақты түрде жетілдіруге өте ықыласты, шетелдердің танымал клиникаларына іс - сапарға шығып тұрады, әртүрлі тақырыптағы шеберлік сабақтарына қатысады. Мақалалар жазады, баспадан шыққан көптеген ғылыми еңбектері бар. Тәжірибе мен ғылыми еңбекті тұрақты түрде ұштастырып отырады. Онкологиядағы шағын инвазивті хирургиялық, қалыптастыру-пластикалық оталарына араласу, клиникалық зерттеулер бойынша тәжірибе жинақтау, әлемдік стандарт негізінде онкологиялық көмек беруді ұйымдастыру, оған іс жүзінде қол жеткізу алдына қойған мақсаты. 

Еңбек жолында өзін тәртіпті, жауапты, жұмыс нәтижесін талап ете білетін  қызметкер ретінде танытты. Әріптестерімен қарым-қатынасы жылы, сырқаттар алдында беделді, талантты ұйымдастырушы. Ойлау қабілеті терең, мол тәжірибе иесі.