Ерғали Шырынбеков 1975 жылдың 31 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген.

Ол 2001 жылы  Еліміздің эканомикасын өркендетуге үлес қосып және жастар арасында өзіңдік саналы да жігерлі еңбек еткен үшін Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.  2003 жылы Оқушылардың  облыстық фестивальінде  жоғары дәрежеде көрсеткен өнері үшін Е.Шырынбековтың шәкірттері лауреат атанды. 2001 жылы «Школа звезд» семинарына қатысқаны үшін сертификат алды. 2003 жылы Республикалық «Елім менің» патриоттық ән байқауында І орынға ие болып лауреат атанды. 

Мәдениет саласындағы өзінің жоғары білімділігін, кәсіби шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білетін кәсіби маман. Өз іскерлігінің арқасында мәдениет саласының жұмысын жетік меңгере білді.

Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздары Қайрат Түнтеков, Еркін Мәулен және «Кешю» тобының экс – солисты Сейтмағанбет Ақботаға ұстаздық еткен.