Ергеш Есенбекұлы – еліміздің ауылшаруашылығы саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген азамат. Оңтүстік өңірінде жылыжай кәсібін жолға қойған кәсіпкер.

Ергеш Түребеков 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің құқықтану факультетінде заңгер мамандығын тәмамдаған.  1994-1996 жылдары Дарбаза елді мекенінің өндірістік кооперативтерінде еңбек етті. 1998 жылдың мамыр айынан бастап Дарбаза ауылындағы «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарды. 2009 жылы өз кәсіпкерлігін дамытып «Жабай ата» шаруа қожалығын ашып, жылыжай ісімен айналысқан. Кәсіпкер республика бойынша бірнеше дүркін «Ең үздік жылыжай» аталымын жеңіп алды. 2014 жылы «Агро-қамқор» ауылшаруашылық өнімдері қауымдастығының құрылтайшысы.