Еркінбай Шалтанов – қоғам қайраткері

Еркінбай Керімбайұлы үшін ұлы іс – өмірдің ауыртпалығын көтеріп, мүмкіндігі шектелген жандардың жанына жалау болу. Ол өз қорын ұйымдастырып, бүгінге дейін бірталай жұмыстар атқарып келеді.

Ол 1978 жылдың 2-ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 2014 жылы «Шапағат» қорын құрып, қайырымдылық жасаумен айналысып келеді. Әрдайым Түркістандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп жүр. Мүгедек жандардың спорттық шараларын жүйелі түрде өткізіп тұрады. Облыстарда ұйымдастырып отыратын конкурстардан шет қалмайды. 2015 жылы «Нұрлы жолға үн қосам» атты ұран тастап, қаламыздың жастары мен мүмкіндігі шектеулі жастардың патриоттығын оятты.

2016 жылы «Ең үздік» әлеуметтік жобасында ОҚО бойынша 1-орын иегері атанды. Министр Тамара Дүйсенованың «Алғыс хатымен», 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Грамотасымен» марапатталған.