Еркінбек Шымырқұлов – актер

Өнер жолында  өзіндік соқпағы бар талант кішігірім қойылымдар қоюмен қатар жастарды сахна өнеріне тәрбиелеуде. Актер қимыл іс-еркіндігін шығармашылықтың қайнар көзі санайды, образ  сомдауда жан мен тән тұтастығын қашанда берік сақтайды, кейіпкердің ішкі жан дүниесіне еніп адам  жүрегінің нәзік қылын шертеді.

Ол 15 қараша 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Машат ауылында туылды. 1976-1978 жылдары Алматыдаға Республикалық эстрада-цирк өнер студиясына түсіп әншілік мамандығын бітіріп шықты. 1978-1979 жылдары Қызылорда облысының филормониясында «Сырмаржаны» атты ВИА ансамблінде әнші, әрі концерт жүргізушісі болып қызмет етеді. 1979-1981 жылдары әскер борышында болып ойдағыдай борышын атқарып келеді. 1981-1982 жылдары Шымкент қаласындағы цементшілер сарайындағы «Ақмаржан» атты ансамблінде әнші болып қызмет етеді. 1982 жылы Мемлекеттік театр және сурет өнері институтына түсіп 1986 жылы 14 маусым айында бітірді. 1986 жылы 10 қыркүйектен бастап күні бүгінгі күнге дейін облыстық Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театрында актерлік қызмет етіп келеді.

Сонымен қатар 2012 жылдан бері М. Әуезов атындағы университетінің «Педагогика және мәдениет факультетінің «Режесура және актерлық» өнер кафедрасында аға оқытушы болып жүр.Еркінбек Шымырқұлов сахнада ғана емес өз дарының облыстық мерекелік шараларда  жүргізуші және диктор, сонымен қатар видеоклиптерде түсіп  өзінің өнерін танытып жүрген шебер. Атап айтсақ, Ш.Әбішев «Опасыз әке», Р.Рымбаева «Түркістан»,  Ә.Тауасаров М.Әуезов «Абай» - Айдар, Б.Әбілдаев «Айша бибі» - Арыстан, Ш.Башбеков «Шойын қатын» - Әлімжан,  А.П.Чехов «Шие бау» - Лопахин т.б Еркінбек Шымырқұлов қазақ киносы салысында да өз үлесін қосуда.  Атап айтқанда «25 Теңге», «25 Теңге-2», «Алтын ұя», «Көке», «Бәсеке», «Кілт», «Потому что по Шымкентскии», «Свои», және т.б кино туындыларда түскен.