Ерқуат Сейтмұратов – «Олимп» Агрофирма» ЖШС директоры

 

Ерқуат Сейтмұратов ауылдық жерлердегі тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті халықтың табысын арттыруға зор үлес қосты. Елімізде жүзеге асып жатқан әлеуметтік бағдарламаларды қолдау мен дамытуға ерекше назар аударды.

Ол 1953 жылы 8 мамырда дүниеге келген. 1986 жылы жоғарғы оқу орнын бітірген ол бүгінде «Олимп» Агрофирма» ЖШС директоры.

2013 жылы Ерқуат Сейтмұратовтың басқаруымен «Агрофирма «Олимп» агроөнеркәсіптік кәсіпорнының өнімі 6.4 %-ға дейн, ал 2016 жылы 13,4 %-ға дейін артты. Нәтижесінде Антоновка ауылының дамуына үлкен ықпал етті.

Ерқуат Сейтмұратов әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға  қол ұшын созып, үнемі қолдау білдіреді.  «Тын Целина» аудандық спартакиада спортшыларын жыл сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясына қатысады және облыстық ардагерлер кеңесін қолдау үшін қаражат аударып отырады. Зейнеткерлер үшін «Солнечный» лагеріне экскурсиялар жүргізуді де назардан тыс қалдырмайды. Қарттар күні мен мүгедектер күніне орай Антоновка ауылында тұратын зейнеткерлер мен мүгедек жандарды үнемі қолдап, оларға көмектеседі.

Ерқуат Есмұхаммедұлы Ауылшаруашылық министрлігінің, облыс пен аудан әкімдіктерінің алғыс хатымен марапатталған.