Батыс Қазақстан облысының тумасы Бекчурин Ерлан Асқарұлының өнер саласындағы жетістіктері: 

2005 ж. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық байқауында I дәрежелі ән өңдеуші
2006 ж. Ә.Бесеуов атындағы Республикалық конкурсында “Үздік өңдеуші” номинациясына ие болды.
2006 ж. “Ең сапалы ән өңдеуші”
2009 ж. Ақтөбе облысының еңүздік ән өңдеушісі атанды
2014 ж. Композиторлар арасында өткен “Туған жер, сені қосам әуеніме” атты байқаудың 2-орын иегері
2015ж. БҚО жастар сыйлығының “Үздік жас өнерпаз” аталымының жеңімпазы
2017ж. Димаш Құдайбергеновтың саунд продюсері, “Im a singer 2017 ” жобасында Д.Құдайбергеновтың әндерін әрлеп еліміздің намысын қорғады.
2017ж Атақты “Power Rangers” Голливуд филімнің басты саундтрегін өңдеп Д.Құдайбергенов орындады
2017-06-27 Д.Құдайбергеновтың Экспо-2017 қарсаңында өтетін “Бастау” атты концертінің саунд продюсері.

Бірлесіп жұмыс жасаған ҚР эстрадасындағы әншілер тізімі: Бейбіт Қорған, Ағайынды Жүгінісовтер, Дина Хамзина, Әлішер Каримов, Али Оқапов, Әлішер Каримов, Қанат – Света Айтбаевтар, Димаш Құдайбергенов, Индира Расылхан, Алмас Кишкенбаев, Асыл тобы, Елмұра Жаңабергенова, Дәурен Сейтжанов, Ерген Айтымбетов, Ермек Меденов, Бейбіт Оралұлы және т.б.

Хамит Шаңғалиевпен бірге Республикалық “Наурыз нұрлы жол”, “Қазақ хандығының 550” “Универсиада 2017” концерттерінде ат салысып өз үлесін қосқан.