Ермахан Қыстаубаев – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ермахан Ибадуллаұлының жалпы ғылыми еңбектерінің саны – 115. Оның ішінде 5 монография, бір Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуге алынған  24 авторлық куәлігі бар электрондық оқулығын шығарған, 3 ғылыми мақаласы нөлдік емес импакт-факторлық басылымда жарияланған және 12 ғылыми мақаласы шетелдік басылымдарда шыққан, 24 магистрантқа ғылыми жетекшілік жасап қорғатқан.

ОҚО, Шымкент қаласындағы Қазақ химия технологиялық институтының силикаттар технологиясы  фаультетіне 1 курсқа қабылданған. 1996 жылы 1 шілдеде Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін инженер-химик мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.  1999 жылы 29 қазан күні «Металл - сорбент дисперттік жүйелердің коллоидты химиялық қасиеттері» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын табысты қорғаған. 2000 жылдың 1 ақпанынан ХҚТУ ШБ-нің ЖБ және АХ кафедрасында лаборант, оқытушы, аға оқытушы және доцент қызметтерін атқарған. 2002-2003 және 2004-2005 оқу жылдарында ХҚТУ ШБ және ШИ директорларының көмекшісі және т.б қызметтерді атқарған. 2012 жылдан бері Академиялық инновациялық институтының директоры қызметінде, 2010 жылдын 31 наурызынан профессор міндетін атқарушы.

Ермахан Ибадуллаұлы 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2009 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы жарлығымен 2011жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төс белгісімен, 2009 жылы ОҚО әкімінің алғыс хатымен, 2013жыл ОҚО әкімінің алғыс хаттармен,  2016 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен  және де басқада бірнеше алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапатталған. 2014 жылдың Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болған.