Ермек Дәрменов – мәслихат депутаты, ОҚО футбол Қауымдастығының мүшесі

Ермек Аманжолұлы депутат ретінде көптеген игі істердің бастауы болған абыройлы азамат. Оның қолдауымен 2012 жылдан бері мектеп алаңқайларының 80 %-ы жасыл газонмен көмкерілді. Ермек Аманжолұлы депутат боп сайланған соң, халықтың арыз-шағымын жинап, сессияда балалар үшін ойын алаңшаларының қажеттігілігін көтерген. Сөйтіп, бес аулаға ойын алаңшасын салуды бастап кетті. Содан бері біраз уақыт өтіп, депуттатың бағдарламасы Елбасының саясаты мен қаланың саясаты дөппе-дөп келді де, көтерген мәселелері дөңгеленіп шешімін таба бастады. Әр аулаға 5-6 миллион теңге бөлініп, ойын алаңшаларына қатысты жұмыстың 98 пайызы орындалды. Өзіне қарайтын шағынаудандарда ауларалық ондаған футбол алаңшасы салынып, тренажерлар қойылды. Ішкі орам жолдар жөндеу көріп, бұрынғыдай жертөлеге су кірмейтін болды. Аулаларға бейнекамералар, тәртіп сақшылары отыратын дүңгіршектер қойылды. Мұның бәрі Ермек Дәрменовтың бастамасымен жүзеге асқан істер.

Ол 1972 жылдың 17 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Ермек Аманжолұлы еңбек жолын 1994 жылы Сайрам ауданының № 83 мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінде бастайды. 2002 жылы Шымкент қаласының «Достық» футбол клубы директорының орынбасары болып тағайындалып, осы қызметті 2004 жылға дейін атқарды. 2003 жылы «Достық» футбол клубы «Ордабасы» футбол клубы болып атауын өзгертті де,  «Ордабасы» футбол клубы директорының орынбасары қызметіне ауысты.  2005-2007 жылдар аралығында «Ордабасы» футбол клубының директоры болып сайланды, 2007 жылы желтоқсанның 28-жұлдызынан облыстық олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі директоры қызметінде. Ол сондай-ақ, «Нұр-Отан» партиясы Абай аудандық филилалының төрағасы. ОҚО футбол Қауымдастығының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының IV және V шақырылымдарының  депутаты.

Ермек Аманжолы атқарған еңбектерінің нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасының «құрметті спорт қайраткері» медалі, «Батыр-шапағаты» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.