Ержан Көшенұлы Ахметов -  ауыл жастарын салауатты өмір салтына бейімдеп, спортты кеңінен насихаттап жүрген азамат. 

Ержан Ахметов Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Бидайық орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Қазіргі таңда 1 санаттағы мұғалім. Алайда Ержан спорт саласын дамыту бойынша қызметін тек мектеп қабырғасында ғана шектеп жүрген жоқ. Ауыл, аудан ауқымында спорт саласын дамытуға белсене араласып жүр. Ауданымыз жыл сайын спортакиадада волейболдан 11 жыл қатарынан 1 орын алып келе жатыр. Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Ауылымызда спорттың осы түріне деген қызығушылық керемет. Жаңаарқаның жас жеткіншіктерінің арасынан волейболдан ұлттық құраманың мықты ойыншылары шығатынына сеніміміз мол. Ержан Көшенұлын ауылдастары ерекше сыйлайды, оның еңбегі елеусіз қалып жүрген жоқ, 2011 жылы «Қарағанды облысы Туризм және спорт басқармасы құрмет грамотасымен марапатталған болатын. Енді ауылымыздың мықты азаматын республикалық деңгейде 100 есім жобасынан көргіміз келеді.