Ержан Қарабаев – жеке кәсіпкер

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы өз адамгершіліктерін көрсетеді. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Ержан Қошқарұлы әрдайым әлеуметтік аз қамтылған отбасылыарға қолдау көрсетіп, басқаларға өнеге болатын іс жасап келеді.

1974 жылы 18 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округінде дүниеге келген.  1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округіндегі С.Кәттебеков атындағы жылпы орта мектепті бітірген, 1995 жылы экономикалық коллеждің экономика мамандығы бойынша білім алған. 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысады. Ауылда аз қамтамасыз етілген отбасыларға әр тоқсан сайын, мерекелік күндері қайырымдылық көрсетіп келеді.