Ержан Ризадин - әйнек шебері. 

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Айыр ауылының тұрғыны шыны шишалардан, әйнектен және басқа да тұрмыстық қалдықтардан түрлі заттар жасайды. 6 мың шөлмектен шеберханасын салып алған. Мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттік бағдарламаға қатысып, ауылда жеке кәсібін ашқан.

Ержан бала күнінде аттан құлап ұршығына және омыртқасына зақым келген. Қазір ІІ топтағы мүгедек. Тынымсыз қозғалыс, еңбекқорлық оны төсек тартып жатқан жерінен тұрғызған. Тұңғышы Нұрлан екеуі қамшы өреді, ер-тұрман жасайды. Тапсырыс түссе қысқы жылы етіктер де тігеді.