Евгений Хан – Экология» ЖШС-ның директоры

Евгений Викторович еңбекке араласқалы өзінің ептілігімен, алғырлығымен, ұйымдастырушылығымен ерекшеленген, аудан, облыс көлемінде беделге ие. Сондай-ақ, ол біліктілігінің арқасында сан жылдар бойы «Экология» ЖШС-ның өнімді жұмыс жасауына жағдай жасап келеді.

Ол 1983-1985 жылдар аралығында Сібір автожол институтында дәріс алған, 1983-1985 жылдары оқу комбинатының оқытушысы болды. Оқытушылықтан соң, құрылыс материалдарының комбинатында бас механик, директор қызметін атқарды. 1990-1992 жылдар аралығында Киров атындағы промбаз зауытның басшысы болса, 1992 жылдан бері «Экология» ЖШС-ның директоры қызметінде.

1995 жылдан осы күнге дейін «Қазақстандағы кәріс ассоциациясының» Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы болып келеді. Осы жылдар аралығында Евгений Хан бірнеше марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  20 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі және т.б.