Евгения Гаах – Шахтинск қаласындағы «Снегурочка» сәбилер-балабақшасының директоры.

Евгения Гаах 1968 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1988 жылы тәрбиешіліктен бастады. 1987 жылы Қарағанды қаласының педагогикалық училищесін, 1992 жылы Қарағанды қаласының педагогикалық институтын бітірді. 2000 жылдан бастап Шахтинск қаласының білім бөлімінде әдістемелік кабинеттің меңгерушісі және мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың әдіскері болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап «Снегурочка» сәбилер-балабақшасының директоры қызметінде. 

Евгения Васильевна, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білетін, балабақша алдында тұрған кез-келген мәселені дипломатиялық жолдармен шеше білетін өте білікті жетекші. Балабақша ғимаратын мықты материалды-техникалық базамен қамтамасыз ете алды. Барлық бөлмелер, кабинеттер жақсы жабдықталған, инновациялық жинақтарға толы, мектепке дейінгі жастағы балалардың мүмкіндіктерін әрі қарай арттыруға көмектесетін құралдардың бәрі қамтылған.   

Евгении Васильевнаның жетекшілігімен балабақша даму деңгейінде «Жас Оқырман». Ол БЖС технологиясы бойынша сапаны басқару бойынша инновациялық жобалар, МДМ даму стратегиясының авторы. Облыстық деңгейде бекітілген 20-дан астам авторлық  бағдарламалар және әдістемелік оқу-құралдар жасалды.  Педагогикалық ұжымның жетістіктері ҚР білім және ғылым Министрлігі тарапынан бағаланды. Мәселен, «Ханталапай» 1- орын, Қарағанды облысының ОӘО Алғыс хаты. Үш жыл қатарында Шахтинск қаласындағы балабақшалардың арасында «Снегурочка» балабақшасы рейтинг бойынша 1- орында.  

Мұнда балалардың шығармашылық қабілетінің жетілуіне  ерекше көңіл бөлінеді.  Балалардың қызығушылығы мен бейіміне қарай  балабақшада 14 үйірме жұмыс жасайды.  Сурет, музыка мектептерімен, ЖӨБО жұмыс жемісін беріп жатыр. Мектепке дейінгі мекеменің балалары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегерлері:  Халықаралық фестиваль – конкурс  «Звездный проект», 2017жылы ағылшын тілінен Республикалық конкурс, «Экология және балалар» ЭКСПО-ға жол XXII облыстық ғылыми-практикалық конференция.

Мектепке дейінгі педагогтар және директорлары үшін қалалық, облыстық, республикалық семинарларды жоғары деңгейде ұйыдастырады. Қарағанды облысының мектепке дейінгі мекемелерін аттестаттау шараларына бірнеше жылдан бері белсене қатысып жүр. 

2015 жылы Евгении Гаах жетекшілігімен ұжымның тәжірибесі мемлекеттік аттестациялық комиссиядан сүрінбей өтті.