Фарида Асқарқызы – Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің несие және арендалық тұрғын үй секторының бас маманы.

Еңбек жолын 1991 жылы Шымкент қаласындағы «Қазбаспасөз» агенттігінің киоскері болып бастаған. 1995-1996 жылдары Шымкент қаласының Абай әкімшілігінің мемлекеттік тұрғын үй қорының бас есепшісі, 1997-1999 жылдары Тұрғын үйге қызмет көрсету басқармасының басқармасының машинисі, есепшісі қызметін атқарды. 2000-2004 жылдары аралығында «Шымкент келбеті» газеті редакциясының кассирі, бас есепшісі, 2004-2007 жылдары Шымкент қаласы әкімінің еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының нұсқаушысы, бөлім бастығы, 2008-2010 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің нұсқаушы-есепшісі міндеттерін атқарды. 2010-2013 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының жетекші маманы, бас маманы, 2013-2016 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторының бас маманы болды. Қазір Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің несие және арендалық тұрғын үй секторының бас маманы қызметін атқарып келеді.

Абдуалиева Фарида Асқарқызы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіру ісінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып, көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген тәжірибелі маман.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.