Фуркат Атажанов – футболдан халықаралық дәрежедегі төреші

Елімізде футболдан халықаралық дәрежедегі төрешлілер саны некен-саяқ. Солардың бірі - Фуркат Абдукахарұлы. Ол осы жылы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында, сондай-ақ кәрі құрлықтағы ірі турнирлердің бірі Еуропа лигасының фин және ұлыбритандық қос команда арасындағы тартысты ойында төорелік етіп, жоғары бағаға ие болды.

Ол 1986 жылдың 30-тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

13 жылдан бері футбол ойынының төрешісі болып жүр. 2010 жылдан бері Қазақстан Республикалық Чемпионаттарында ресми 126 ойында төрешілік еткен. Оның 78 ойынында бас төреші болды. 48 ойынын төрешінің көмекшісі болған. 2010 жылы бас төрешілер қатарына қосылып, премьер-лиганың үздік командаларын төрелік етіп жүр. Үстіміздегі жылы ФИФА төрешілер алқасына кіріп, ақпан айында Испанияның Малага қаласында халықаралық төрешілер  семинарына  қатысып, әлемдік деңгейдегі үздік төрешілерден дәріс алып қайтты.