Ғаламат Бейсеқожаев – жас күйші

Мен, Бейсеқожаев Ғаламат Саттарұлы, Алматы қаласында 03.03.2001 жылы шаруа отбасында дүниеге келдім. 2008 жылы 143 орта мектебіне 1-ші сыныпқа оқуға бардым. Сол мектепті 4-шы сыныпқа дейін оқып, 5 сыныпта Республикалық Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына оқуға түстім. Күйшілік өнерім жастайымнан бар, 9 жасымнан бастап күй шығара бастадым. 6-шы сыныпта Атырау қаласында жылда өтетін Республикалық «Махамбет оқуы» атты конкурсқа қатыстым. Конкурста өзім шығарған «Махамбет», «Жеңіс» атты күйлерімді орындап, бас жүлдеге ие болдым. Келесі жылы 7-ші сыныпта Семей қаласында «Абай оқуы» Республикалық конкурсқа қатыстым. Конкурста «Абай толғауы», «Жазғытұры» атты күйлерімді орындап, 1-ші орынға ие болдым. Қазіргі уақытта мен 10 – шы сыныпта оқимын, отызға  жуық күйлерім бар, олардың ішінде: «Наурыз», «Қасқарау»,«Жазғытұры», «Атадан мұра», «Абай толғауы», «Махамбет», «Қосбасар», «Қордай», «Жеңіс», «Жауынгер» және т.б.

2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналған «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кеші Алматы қаласында өткіздім.

2017 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  Назарбаев Нұрсұлтан атындағы кітапханада арналған “Атадан мұра” күйі кеші өтті.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында   Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен  Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналған «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кешім болды.