Ғалымжан Күзембаев - жас құтқарушы

Күзембаев Ғалымжан Саятұлы 2002 жылдың 25 қарашасында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге келді. Қазіргі уақытта Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектептің 9В сынып оқушысы. Мұғалімдердің айтуынша, Ғалымжан мектепте үлгілі, екпінді оқушылардың қатарында жүр.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда аудандағы спорт мектебінде Сәкен ағайының жетекшілігімен қазақша күрестен, бокстан және 2009-2012 жылдар аралығында Құлшар өнер мектебінде добырадан, 2013 жылы Абыл мәдениет үйінде актерлік шебер саласында дәріс алды.

Сонымен қатар, «Жарық» қосымша білім беру мекемесінде ағылшын және орыс  тілі, химия, математика  сабағынан білімін арттырып жүр.

2015 жылы Ж.Қалдығараев орта мектебінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен арақашықтықтан оқу тәсілінде инновациялық технологияларын қолдану арқылы қазақ тілінен білім сапасын арттырудағы олимпиядадан «Ілгері деңгей» дипломымен марапатталды.

2016 жылы 7 қарашасында 11.30  шамасында Жарық қосымша білім беру орталығынан үйге келе жатырған жолда көрші үйінің ауласынан кішкентай балалардың айхайлаған дауысын естиді. Үйдің маңына жақындағанда үйде өрт болып жатырғанын байқап, ойланбастан терезеден кіріп, 3 сәбиді өзінің курткасына орап алып шыққан.

Осы ерлігі үшін:

1. Маңғыстау облысы Төтенше жағыдайлар Департаментінің

«Өрт оқиғасы кезіндебатырлық, ерлік, жігерлік танытқаны үшін» Алғыс хатымен;

2. Бейнеу ауданы Әкімінің «Өрт кезінде көрсеткен ерлігі үшін» Алғыс хатымен;

3. «РТРК Қазақстан» телекомпаниясының атынан Балапан телеарнасы  «Бала батыр» номинациясымен;

4. ҚР Ішкі істер Министрі генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальімен

5. Маңғыстау облысы Әкімі А.Айдарбаевтың «Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының дамуына жалынды жігер танытып, мемлекеттік жастар саясатының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін » ҚР Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығына орай Алғыс хатымен;

6. 2016 жылдың Жыл адамы «Жыл ерлігі» номинациясы бойынша марапатталды.

Дегенмен, тілсіз жаудан қорықпай адам өмірін құтқарып қалған Ғалымжан қазіргі таңда ел мақтанарлықтай азамат атанып отыр.