Галина Колесникова – педагогика ғылымдарының кандидаты

2005 жылы диссертациясын қорғап, оннан астам оқу-әдістемелік оқу құралын, моногорафия және оқу құралын жазған Галина Афанасьевнаның өзге ғылыми еңбектері Қазақстанның, Ресейдің және Үндістанның белді баспаларынан жарық көрген. Олардың саны бүгінде 80-нен асып жығылаы екен. 1982 жылы өзі тәмамдаған К.Д.Ушинский атындағы Петропал педагогикалық институтында қызметке қалған Галинаның білім ордасына сіңірген еңбегі зор.

2005 жылдың мамыр айынан бастап музыкалық-педагогикалық факультеттің музыка бағытында жетекші қызметін атқарып келеді. Ол 2007 жылы Педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым академиясына корреспондент-мүшелікке сайланса, 2010 жылы музыкалық білім беру мәселелері жөніндегі Халықаралық Кеңестің құрамына қабылданды.  Осы Кеңес құрамында жүріп ол «Музыкалық білім беру тарихы: жаңа зерттеулер» халықаралық жобасы аясында 2010 жылы Пермьде, 2011 жылы Екатеринбург, 2014 жылы Курск, 2016 жылы Мәскеу және 2017 жылы Воткинск қалаларында баяндама жасаған. Сондай-ақ Галина Колесникова – Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша мүшесі. Ол он жылдан астам уақыт педагог-музыканттар мен мәдениет қызметкерлерінің семинарларын өткізді. Оқытушылығынан бөлек, Г.Колесникова шығармашылық жобалардың барлығында ұжымына жетекшілік етеді. Өзі сегіз жылдан бері «Таң Шолпан» вокалдық орындаушылар байқауын үзбей өткізіп жүр. 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен және 2015 жылы СҚО әкімінің Алғысхатымен марапатталған.