Ғалия Әділқызы – «Компания «Мар-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы-директоры, «Нағыз патриоттар»қоғамдық бірлестігінің басшысы. «Компания «Мар-Нур»ЖШС-і құрылтайшысы-директоры «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің басшысы. Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Шу ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Қазақстандық көпсалалы-әлеуметтік мекемесінің  және «Евразия»білім орталығы мекемесінің директорының кеңесшісі. «Шу ауданы заңды тұлғалар Қауымдастығы» ЗТБ Президенті «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әбітаева Ғалия Әділқызының басшылығымен және ол кісінің қызы «Евразия» білім орталығы» мекемесінің директоры Маржан Рахимова мен ұлы Қазақстандық көпсалалы-әлеуметтік мекемесінің директоры Нұржан Рахимовтың өз қаражатына Шу ауданында қоғамдық шаралар өткізілген.

Өз ісінің шебері және жұмыстарына жауапты қарайды. Іс-құжаттарды нақты, дер кезінде берілген тапсырмаларды уақытылы орындайды. Сауатты, кіші пейіл, өз ісіне алғыр, еңбекқор, шыншыл, тиянақты, ойшыл, өз елінің, өз жерінің патриоты. Көпшілік  алдында  құрметті  жан. Әлеуметтік, қоғамдық және қайырымдылық жұмыстардың белсенді қайраткері.                                                                                                                            

«Компания «Мар-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Ғалия Әбітаева 2004 жылдың мамырынан бастап, құрылтайшы шешімімен  ЖШС-ы директоры қызметін атқаруда. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтының  қазақ тілі және әдебиет мұғалімі. Тіл пәндерінің доценті, профессоры. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтының қазақ тілі және әдебиет мұғалімі. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы – тіл пәндерінің доценті, профессоры.

Шу аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған. Жамбыл облысының білім департаментінің құрмет грамотасы, Шу ауданының білім бөлімінің құрмет грамотасы, Шу ауданы Әкімінің құрмет грамотасы, ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.  «Шарапатты шаңырақ» аталымының жеңімпазы, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы берілген. ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығы медалінің иегері.