Ғалия Сарманова – қоғам қайраткері

 

Ғалия Сарманова - қоғам белсендісі. Ол өзі мекен еткен аудан өміріне белсене қатысып, қоғамның дамуына үлес қосты. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі болып белсенді жұмыс істейді. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға, зейнеткерлерге үнемі қолдау көрсетті. Қызметте аянбай еңбек еткені үшін көпшіліктің алғысына бөленген.

Ол 1958 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Үлкен Чураковка ауылында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетінде білім алған. Бүгінде ол бейнетінің зейнетін көріп отыр..

Ғалия Сарманова еңбек жолын 1978 жылы Мемлекеттік банк экономисі, аға экономист, агропромбанкке жетекші экономист болып бастады. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алтынсарин кентіндегі бөлімінде  касса бөлімнің бастығы қызметін атқарады. Ауданда ұлттық валютамен ақша айырбастау қызметі де оның басшылығымен жүзеге асқан.

1996 жылдан бастап Ғалия Сарманова Алтынсарин аудандық қазынашылық департаментінің басшысы қызметіне тағайындалады. Ол басқарған жылдары ұжымның беделі артып, зор жетістіктерге жетеді. Содан соң қоғам қайраткері аталған қызметте 20 жыл бойы тынымсыз еңбек етіп 2016 жылы зейнетке шығады.

Қоғам қайраткері 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2009 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып,  2015 жылы Қостанай облысы қазынашылық департаменті басшысының Жарғысымен - «Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойы» мерейтойлық медалінің иегері атанады. Қостанай облысы әкімінің дипломын иеленеді.