Ғаппар Сәрсенбаев – қоғам қайраткері

Ғаппар Амантайұлы депутат болған жылдары халық үшін көптеген игі істер атқарды. Оның ішшінде денсаулық сақтау ісін басты назарда ұстап, балалар мен жастардың спортпен айналысуы үшін стадиондар салынуын қадағалап, жұмыссыздық үшін күресті.

Ол 1974 жылы 6-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, 2010 жылы Академиялық инновациялық университетін тәмәмдаған.

Ғаппар Амантайұлы Түркістан қаласының депутаты болған. Қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жасауда, әсіресе денсаулық саласы мекемелерінің қазіргі заман талабына сай жабдықталуына, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін шағын стадиондар, спорт залдарының салынуына, жұмыссыздықты болдырмау, жастарды жұмысқа тарту үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына елеулі үлес қосып келеді. Дәстүрлі «Тайқазан» түрнирінің қайта жандануына мұрындық болған. Түркістан қаласының құрметті азаматы. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалінің игері, 2013 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалінің,  2014 жылы «Қазақстан мәслихаттары 20 жыл» мерекелік медалі 2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл» мерекелік медалінің иегері.