Гаухар Рүстемқызы – ән байқауларының жеңімпазы

Бала кезден өзін өнер өлкесінде ғана көретін Гаухар Рүстемқызы өзінің ерекше талантымен, дарынымен танымал. Бүгінде небәрі 17 жасқа қадам басқан болашақ әншінің арманы асқақ, мақсаты айқын. Ешкімге ұқсамайтын дара даусымен талайды таң қалдырған Гаухар Ресейде өткен ән байқауында Гран-При жеңіп алған.

Ол 2000 жылы 15 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында туған. Қазіргі таңда Лисаков қаласындағы №3 орта мектептің 11 сынып оқушысы. Бала кезінен өнерге жақын болып өскен талантты қыз өнерде үлкен белестерді бағындырды. 

15 жасында Қостанай қаласында өткен «Алтын микрофон» халықаралық конкурсында лауреат атанып, 1 орынды жеңіп алған. Байқауда француз тілінде Je suis malade әнін орындағанда бүкіл зал тік тұрып қошемет көрсеткен. Бүкіл дүниежүзілік фестивальдер мен әртістер ұйымының мүшесі Сергей Савенков талантты қызды Санкт-Петрбургте өтетін «Путь к звездам» ән байқауына шақырады және жол шығынының барлығын өздері өтейтінін де айтқан. Гаухар бұл ұсынысқа бірден келісіп аталған байқауға биыл аттанған еді. Нәтижесінде өнерлі қыз Гран-При иегері атанады.

Ал 2016 жылы «Бозторғай» халықаралық конкурсында  1 орынмен лауреат атанған.