Геннадий Плотников  «Непоседы» атты вокалдық топтың жетекшісі.

Геннадий Плотников 1936 жылы 9 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Петропавл музыка мектебінде оқыған. Орал политехникалық институтын тәмамдаған. 

В.Куйбышев атындағы зауытта қызмет жасады. 1974 жылы зауыт қызметкерлерінің ішінен өнерге жақын, музыкаға сүйіспеншілігі бар адамдарды іріктеп, вокалдық топ құрып, көркемдік жетекші болды. Шығармашылық ұжым түрлі қалалық шараларға қатысып, бірнеше мәрте лауреат атанды. 

«Непоседы» вокалдық тобы халық арасында концерттер қойып, көпшіліктің ықыласына бөленді. 1986 жылы Геннадий Плотников 50 жасқа толғанда қалалық кеңестің құрметті азаматы атанды.

Зауыттағы ұзақ жылғы қызметінен кейін Геннадий 1994 жылы «Локомотив депосына» ауысты. Кейіннен бірнеше жыл темір жол балабақшасында музыкалық директор қызметін атқарды. 1995 жылы наурыз айында Челябинск қаласында халыққа білім беру комитеті Геннадий мырзаға бірінші дәрежелі баянист атағын берді. 

Ол баянист ретінде гастрөлдік сапарларға шығып, Орта Азияның бірнеше қалаларын аралады.  10 жылдан астам уақыт бойы № 42 мектебінде музыка бөлімінің директор қызметін атқарды.

1996 жылы көркем шығармашылықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2003 жылы мәдениетті насихаттаудағы үлесі үшін марапат алды. 

2011 жылы «Қаладағы үздік адамдар» номинациясына ие болып, бағалы сыйлық және құрмет грамотасымен марапатталды.