Гулам Мұхтарұлы Умаров – дәрігер-экономист.

2010 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін бакалавр дәрежесінде бітірсе, 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-технологиялық университетін экономика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Студент кезінен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Гулам 2006 жылдың наурыз айынан бастап «Ақ көгершін» Жастар орталығы» АҚ төрағасы қызметіне тағайындалады. 2007-2012 жж. Тараз қалалық маслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты болып, заң, әлеуметтік сала, гендерлік және жастар саясаты бойынша комиссия төрағасының орынбасары болған. 2016 жылдан бастап облыстық маслихаттың депутаты. 2010 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы түрлі Кеңестердің және ҚР Халықтары ассамблеясының мүшесі. Елбасы Н.Назарбаевтың қолынан «Астанаға 10 жыл», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдерімен марапатталса, Тараз қаласы әкімінің грамотасы, «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хаты» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін иеленген.