Гүлмира Әсемова – жеке кәсіпкер, тігінші.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылында дүниеге келген. Ол кішкентай күнінен өзінің қуыршақтарының киімдеріне қызығып, соларды киіндіріп ойнайтын болған. Баланың бойындағы дарыны мектеп кезінде ашылып, тігінмен айналысу, кесте тігу оның хоббиіне айналып кетеді. Кейін мектеп бітірер шағында өзін келешек дизайнер ретінде елестетіп, соңғы шешімін қабылдайды. Арманы алдамаған Г.Асемова Жамбыл технологиялық институтының Алматыдағы филиалында дизайнер мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Жуалы ауданында тігін қызметінде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Жеті бала тәрбиелеп отырған ардақты ана Гүлмира Әсемова 2011 жылы ол өзінің туған ауылында жеке кәсібін ашып, 2015 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алып, 5 адамды қызметке алған. Бүгінде олардың қатары сегізге жетсе, «Әсемова» тігін цехының өнімдеріне сұраныс күн санап артып отыр.