Гүлмира Дәулетова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Гүлмира Дәулетова Қазақстан жалауын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүрген шахмат шебері. Ол 1988 жылдың 28 мамырында ОҚО, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Гүлмира Бекзатқызы шахматтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы 3 дүркін, әйелдер арасында 3 дүркін чемпионы (2002-2010 ж.ж.). Ал 2 рет күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Ферғана, 2003 ж) болса, 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионы (Бішкек, 2006 ж). 

2014 жылы Норвегияда жалауы желбіреген әлемдік шахмат Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ұлттары Кубогының күміс жүлдегері (Иран, 2014 ж), Макаода өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. Студенттер арасында Қазақстан Республикасының 4 дүркін (2007, 2009, 2010, 2011 ж) чемпионы.

Бүгінде Қазақстан шахмат Федерациясының атқарушы директоры қызметін атқарып жүрген Гүлмира 100 жаңа есімнің қатарынан табылады деген үмітіміз бар.