Гүлмира Лазар – мұражай қызметкері

Гүлмира Лазарқызы 19 мамыр 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келді. Мұражайдағы атқарған жемісті еңбегі мен облыстық, республикалық деңгейлеріндегі өткізілген іс-шараларға қосқан үлестері үшін Облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хат, дипломдарымен марапаталған.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырып отырған "Оқу əлеміндегі оқырман ұлт" тақырыбында Астана қаласында өткен халықаралық симпозиумға,  ҚР Ұлттық мұражайында өткен "Мұражай қызметін инновациялық дамыту жəне ақпараттандырудың өзекті мəселелері" республикалық форумға, ҚР Ұлттық мұражайында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитаж ұйымдастырған Халықаралық семинарға қатысқаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталған.  Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен іс-тəжірибе алмасу мақсатында Түркия Республикасы, Стамбул қаласына жасалған іс-сапар барысында  алғыс хаттармен марапатталан.

Гүлмира Лазарқызы іс ісінің нағыз шебері, ол әрқашан ұйымдастырушылығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп, өз қызметтестерінің арасында беделге ие.