Гүлмира Сақтанова өз саласының білікті маманы. Ел қауіпсіздігі үшін аянбай тер төгіп жүрген Гүлмира, ішкі істер саласының үздік мамандарының қатарынан көрінуде.

Гүлмира Сақтанова 1999 жылы ҚР ІІМ Алматыдағы жоғары мектебінде құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Ал ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап, ЭЕМ бөлімінде техник қызметінде жұмыс жасады. Мектепті аяқтағаннан кейін, ішкі істер органдарында еңбек мансабын әрмен қарай жалғастырды. Еңбек жолын алғаш болып Түрксіб РОВД-да тергеуші қызметінен бастады.

1999 жылдың 1 қазанында, қылмыстық істің ақ-қарасын анықтау бөліміне ауысты.

2007 жылы 5 сәуірде Шал ақын ауданы ІІБ-ң қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы.

2012 жылы 19 сәуірінен бастап, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы ІІБ-нің қызметкерлер-тобының аға инспектор қызметін атқаруда.