Гүлнәр Әренова– мұражай қызметкері

Гүлнәр Саматқызы халықаралық мұражайлар күніне орай «ИКОМ Қазақстанның үздігі» номинациясы бойынша мұражай саласына қосқан зор еңбегі үшін дипломы, 2015 жылы Астана қаласында өткен «Мұражай және қоғамның тұрақты дамуы» атты ғылыми-конференцияға қатысып, сертификатқа иегері атанды, халықаралық мұражайлар күніне орай ИКОМ Қазақстан ұйымы «Жыл мұражайы» атағының иегері, 2012 жылы облыс мәдениетінің өркендеуне қосқан үлесі үшін Ұйымдық халықтық тәуелсіздік комитетінің «Көшбасшылар» байқауының «Алтын көшбасшылар» дипломдарымен марапатталған.

Гүлнәр Саматқызы 2013 жылы қызметіндегі елеулі жетістіктері мен мәдениетті дамытудағы  қажырлы еңбегі үшін Қазақстан  Республикасының («Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі) «Мәдениет үздігі» төс белгісіне ие болған. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ИКОМ-Қазақстан, ҚР Ұлттық мұражайы тұңғыш рет ұйымдастырып отырған республикалық «Ең үздік мұражай» байқауына қатысып, байқауға қатысқан еліміздегі 200 мұражайдың ішінен озық шығып,  республикамыздағы «Ең үздік мұражай» атанып, Бас жүлдені алып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы марапатына және 2016 жылы жылдың қорытындысы бойынша облыстың мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік мәдениет және өнер мекемесі» номинациясына ие болды