Гүлнәр Құдайбергенқызы – халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда маңызды саласы – тұрғын үймен қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіру ісінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып, көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген тәжірибелі маман.

Еңбек жолын 1979 жылы Алматы қаласындағы «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институтының сантехникалық тобының сызбашы-конструкторы болып бастаған. 1981-1984 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология инстутының студенті, лаборанты, 1984-1987 жылдары Алматы жеміс-жидек қоймасының компрессор цехының мұздатқыш-аммиак қондырғыларының машинисі, компрессор цехының мастері, 1987-1989 жылдары «Горагропром» бөлу-тарату жеміс-жидек базасының компрессор цехының мастері, 1989-1990 жылдары «Алматыагропром» ауданаралық жөндеу кәсіпорны компрессор цехының мастері, 1990-1996 жылдары «Чимкентархфонд» ҒӨШБ-нің инженер-констукторы, «Шымкентжилстрой» ӨҚБ АҚ-ның жобалау бөлімінің инженері, 1996-1999 жылдары «Талғат» фирмасы директорының орынбасары міндеттерін атқарған. 1999-2001 жылдары Шымкент қаласы әкімшілігінің тұрғын үйге қызмет көрсету басқармасының бас маманы болса, 2001-2005 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімшілігінің энергетика және тұрғын үйге қызмет көрсету басқармасының тұрғын үй бөлімінің бастығы, 2005-2006 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының бастығы, 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаментінің бас маманы, 2008-2013 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі, 2013-2016 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі болды. Қазір Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Гүлнәр Әшірбаева «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет Граматосымен марапатталған.