Ратаева Гүлнәр Қасымжанқызы - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалын басшысы. 

Еңбек жолын Шымкент облыстық құс өнеркәсібі саласында экономист болып бастаған. 20 жылдан астам уақыт банк жүйесінде еңбек етеді. 2014 жылдың қаңтарынан «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалын басқарып келеді. Қаржы жүйесіндегі жұмыста бай тәжірибесі бар. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының «Үздік қаржыгер» медалімен (2016) марапатталған. Облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.